АҚШ-та қарындасын өлтірді деген күдікпен 12 жасар бала тұтқындалды

Фотография - АҚШ-та қарындасын өлтірді деген күдікпен 12 жасар бала тұтқындалды

Алғашқыда күдікті ұл полицейлерге өз қарындасын ұзын шашты, ер кісінің өлтіргенін өз көзімен көргенін айтқан болатын

158 0

АҚШ-тың Калифорния штатында он екі жасар жасөспірімді өзінің сегіз жастағы қарындасының өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алды, - деп хабарлайды «Fox News» телеарнасы.

Калаверас Гари Кунц графтығы шерифінің БАҚ өкілдеріне түсіндіруінше, оқиғаның мән-жайы әлі толық ашылмаған. Десек те, оқиға осы жылдың 27 сәуірінде Валли Спрингс қалашығында орын алған. Ал балаға кісі өліміне қатысы бар деп айып тағылып отыр.

Алғашқыда күдікті ұл полицейлерге өз қарындасын ұзын шашты, ер кісінің өлтіргенін өз көзімен көргенін айтқан болатын. Дегенмен, тергеу-тексеру жұмыстары барысында оқиға орнынан және баланың үйінен қылмыстың ашылуына дәйек бола алатындай бірнеше пышақ табылып, тәркіленіпті.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!