Рим Папасына ұқсайтын пайдакүнем ұсталды

Фотография - Рим Папасына ұқсайтын пайдакүнем ұсталды

Ол туристермен суретке түсіп ақша тапқан. 

128 0

Полицейлер Италия астанасында Рим Папасы Иоанн Павел II-шіге ұқсайтын адамды ұстады. Ол туристермен суретке түсіп ақша тапқан. 

Рим Папасына ұқсас адам Інжіл кітабын қолына алып, орындықта жымиып отырған көрінеді. Ал оның жанына суретке түскісі келген бір топ турист жиналған.

Осы оқиға туралы хабарланғаннан кейін Папаға ұқсас адам ұсталды. Ол бұрынғы поляк понтификке қатты ұқсайтын Словакия актері болып шықты.

Енді оған 154-тен 929 евроға дейін айыппұл салынады.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!