БҰҰ-да әлемнің азық-түлік мәселесі қаралмақ

Фотография - БҰҰ-да әлемнің азық-түлік мәселесі қаралмақ

деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы

169 0

Дүйсенбі күні Италияның Рим қаласында БҰҰ-ның әлемдік азық-түлік өндірісінің қауіпсіздігі мәселесіне арналған Халықаралық конференция басталады деп күтілуде. Сондай-ақ, күн тәртібінде талқыға түсетін тақырыптардың бірі – ғаламшардағы азық-түлік тапшылығын жоюда жәндіктердің рөлі де қаузалмақ, - деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы.

Жиынға 100-ге жуық елдің 400-ден астам делегаттары қатысады. Олардың назарына БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауылшаруашылығы саласының өкілдері тарапынан жейтін немесе жеуге жарамды жәндіктер туралы жаңаша үлгіде баяндама ұсынылмақ.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша адамзаттың жеуіне жарамды жәндіктер қатары бүгінде 1400 болғанымен, оның 36 түрін африкалықтар, 29 түрін азиаттықтар және 23 түрін Солтүтсік және Оңтүстік Америка тұрғындары жейтін көрінеді.

Сарапшылардың сөзіне сенер болсақ, жәндіктер түрлі дәрумендер мен ағзаға қажетті ақуыздарға өте бай. Әсіресе, қоңыз, шегіртке, көбелектердің беретін үш-қуаты, ет пен балықтан алатын қажеттіліктірмен тең түспесе еш кем емес.

Бүгінде әлемде жәндіктермен қоректенуді дәстүрлі тағам санайтын адамдар саны 2 млрд-қа жуықтайды екен.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!