Бәстен ұтылған Британия миллиардері, бір күн Air Asia стюардессасы болып істеді

Фотография - Бәстен ұтылған Британия миллиардері, бір күн Air Asia стюардессасы болып істеді

Үш жыл бұрын Брэнсон азиялық әуе тасымалдаушы компанияның иесі Тони Фернадеспен қай жарыс командасы «Формула-1» кубогын жеңіп алатынына бәстескен еді.

255 0

Virgin империясының негізін қалаушы Ричард Брэнсон қысқа қызыл белдемшені киіп, Air Asia әуекомпаниясының стюардессасы болып бір күн жұмыс істеді. Бұл туралы Вести.Ru мәлімдеп отыр.

Үш жыл бұрын Брэнсон азиялық әуе тасымалдаушы компанияның иесі Тони Фернадеспен қай жарыс командасы «Формула-1» кубогын жеңіп алатынына бәстескен еді.

Жеңілгені жеңіске жеткеніне тиесілі әуекомпания ұшағында борт серік болып істеуге келісіпті. Таластан Бренсон ұтылып, Австралияның Перт қаласынынан Малайзия астанасы Куала-Лумпурге дейінгі рейсте стюардесса болуға мәжүр болыпты.

Брэнсон қызыл киімдегі суреттерін Twitter-ге жариялап үлгеріпті. Образға көбірек еліктеу үшін бизнесменге шаш қою үлгісін өзгертіп, опа-далап жағуға тура келіпті.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!