АҚШ-та президенттер ұшағы сатылымға шығарылды

Фотография - АҚШ-та президенттер ұшағы сатылымға шығарылды

АҚШ-та отыз жыл көлемінде ел президенттері мен жоғары шенді қонақтарды тасыған ұшақ аукционға шығарылды

235 0

АҚШ-та отыз жыл көлемінде ел президенттері мен жоғары шенді қонақтарды тасыған ұшақ аукционға шығарылды.бұл жайында РИА Новости хабарлап отыр.

Қосматорлы, ұзаққа қатынамайтын McDonnell Douglas DC-9 ұшағының бастапқы бағасы 50 мың долларды құрады. АҚШ үкіметі жанындағы жалпы міндет басқармасының мамандары хабарлағандай, 1975 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта аталған әуе көлігімен Джеральд Форд, Джимми Картер, Рональд Рейган, Джордж Буш, Билл Клинтон және кіші Джордж Буш сынды президенттер ұшқан. Сонымен қатар, осынау ұшақ вице-президенттер, президент әйелдері, министрлер, генералдар, адмиралдар және шетелдің ресми тұлғаларына да қызмет көрсеткен.

Сатардың алдында әуе көлігіндегі барлық құпия қондырғылар шешіліп алынады. Оның жаңа иесі ұшақты Аризона штаты Финикс қаласынан өзі алып кетуі тиіс.

Аукцион 15 мамырда өткізіледі. Сатылымға онымен бірге су көліктері, автомобильдер, ғарыш кемелерінің бөліктері, ауыр құрылыс машиналары және ғылыми қондырғылар да шығарылады деп күтілуде. АҚШ билігіне қазіргі таңда бұл дүниелердің ешқайсысы керек емес.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!