Британдық 84 мектепте бірде-бір ақ нәсілді оқушы жоқ

Фотография - Британдық 84 мектепте бірде-бір ақ нәсілді оқушы жоқ

Бұл жайт билікті алаңдатып отыр. Өйткені, елдің шет аймақтарындағы аудандар өзіндік этникалық елдімекендерге айналып барады.

221 0

Британдық білім департаменті мамандары елдегі 84 мектепте тек қана қара нәсілді оқушылардың оқып жатқандығын мәлімдеді. The Daily Mail хабарлағандай, соңғы бес жылда бұл көрсеткіш екі есеге артқан. Бұл жайт билікті алаңдатып отыр. Өйткені, елдің шет аймақтарындағы аудандар өзіндік этникалық елдімекендерге айналып барады.

Сарапшылардың айтуынша, лейбористік үкіметтің ұстанып отырған «ашық есік» саясаты британдық тектің бүлінуіне алып келген.

Білім минитсрлігінің мәліметіне сенер болсақ, тек қара нәсілді балалар оқитын мектептер көп шоғырланған қала – Бирмингем болып саналады. Онда мұндай 22 оқу орны бар. сонымен қатар, Ланкастерде, Сурреде және Лондонға іргелес жатқан елдімекендерде дәл осындай мектептер көп.

Мамандар әзірге бұл тізімге 11 мұсылмандар, 3 сикхтердің және бір индуистердің мектептерін енгізіп отырған жоқ. 84 оқу ордасының 67-сі бастауыш мектептер.

2008 жылы Британияда бірде-бір ақ нәсілді оқушысы жоқ 31 мектеп тіркелген болатын.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!