Киевте кеңестік танк неміс көлігін соғып кетті

Фотография - Киевте кеңестік танк неміс көлігін соғып кетті

Киевте Ұлы Отан соғысы мерекесіне жұмылдырылған Т-34 танкі Opel Vectra автокөлігімен соқтығысты

177 0

Киевте Ұлы Отан соғысы мерекесіне жұмылдырылған Т-34 танкі Opel Vectra автокөлігімен соқтығысты. Бұл туралы Lenta.ru мәлімдеп отыр. 

Оқиға мамырдың 11 күні Голосеев ауданында «Ұлы жеңіс. Мамыр 45» фестивалінде орын алған болатын. Мерекелі іс шараға Т-34 танкісінің үшеуі мен басқа да әскери техника жұмылдырылды.

Іс-шара орнынан кетіп бара жатқан бронды көлік кептеліске тап болыпты. «Опель» автокөлігі жүргізушісінің сөзіне қарағанда, кептеліс кезінде Т-34 танкі автокөлік жүргізушілерінің дабыл қағуларын ескермей, артқа қарай бастырмалатып жылжыған көрінеді.

Нәтижесінде, танк көлікті соғып, оны бірнеше метрге ысырып тастаған екен. Апатты МАИ қызметкерлері тіркепті. Неміс көлігі күрделі жөндеуді талап етеді.

Т-34 танкі 1940-1950 жылдары шығарылды. Осы уақыт аралығында 80 мыңнан астам осындай бронды көліктер жасалыпты.


Тегтер:

Украина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!