Прокурорлар Берлускониді 6 жылға соттауды сұрады

Фотография - Прокурорлар Берлускониді 6 жылға соттауды сұрады

76 жастағы миллиардер және медиа-магнат Италия үкіметін басқарып тұрған кезінде 17 жаста болған марокколық Карима эль-Маругпен жыныстық қатынаста болды деп айыпталып отыр.

146 0

Милан прокурорлары Италияның экс-премьері Сильвио Берлускониді жыныстық бопсалау ісіне қатысты алты жылға соттап, мемлекеттік қызмет істеуге өмір бойына тыйым салу жазасын сұрады.

Берлусконидің үстінен қазір қызметін теріс мақсатта пайдаланды және кәмелетке толмаған жезөкшелермен байланыста болды деген айып тағылып, сот жүріп жатыр.

76 жастағы миллиардер және медиа-магнат Италия үкіметін басқарып тұрған кезінде 17 жаста болған марокколық Карима эль-Маругпен жыныстық қатынаста болды деп айыпталып отыр.

Бірақ Эль-Маруг Берлусконимен жыныстық қатынаста болғанын жоққа шығарады. Өткен аптаның басында апелляциялық сот Берлускониді "салықтан жалтарғаны үшін" соттың төрт жылға соттау туралы шешімін күшінде қалдырған еді.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!