Coca-Cola-ның құпия формуласы сатылымға шығарылды

Фотография - Coca-Cola-ның құпия формуласы сатылымға шығарылды

Америкалық азамат әйгілі Coca-Cola сусынының құпия бүгінге дейін құпия саналып келген формуласын сатуды көздеп отыр. Ерекше «тауарын» ол әзірге 5 миллион АҚШ долларына бағалауда.

327 0

Америкалық азамат әйгілі Coca-Cola сусынының құпия бүгінге дейін құпия саналып келген формуласын сатуды көздеп отыр. Ерекше «тауарын» ол әзірге 5 миллион АҚШ долларына бағалауда.

Дүйім жұртты аузына қаратқан – Атланта қаласының тұрғыны. Ол құпия формуланы кездейсоқ тауып алғандығын айтады. Бірнеше күн бұрын есімін айтпауды жөн көрген азамат көне заттар сататын дүкеннен бір қорап толы ескі хаттарды сатып алады. Сусынды әзірлеудің жолы көрсетілген қағаз да осы қораптан шыққан екен.

Оның айтуынша, құпия формула жазылған құжатта 1943 жыл көрсетілген. Айта кетейік, 2011 жылы АҚШ-тың қоғамдық радиосы Coca-Cola-ның құпия формуласы деп оның жасалу рецептін көпшілікке ұсынған болатын. Ол кезде радионың сайтына кірушілердің көп болғандығы сонша, портал жұмыс істемей қалған еді. Ал, көне құжатты тауып алған азамат радио жариялаған рецепт пен өзінің сатып отырған рецептінің ұқсайтындығын мәлімдеді.

Әйгілі сусынды шығаратын компания өкілдері болса мұндай жалған ақпаратқа халықты сенбеуге шақырып отыр. Өйткені, құпия формуланың көшірмесі жоқ, ал түбіртегі Атланта мұражайында сақталып тұр дейді олар.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!