Ислам ғалымдары Палестина территориясын қайтару құқығына арналған құжатқа қол қойды

Фотография - Ислам ғалымдары Палестина территориясын қайтару құқығына арналған құжатқа қол қойды

Ғалымдар аталмыш құжатқа «Шейіттің қаны - ғалымның хаты» деп аталатын кең ауқымды қоғамдық акция кезінде қол қойғанын айта кету керек

390 0

Араб және мұсылман әлемінің 15 мемлекетінен елуге тарта ғалым палестиналықтардың жеріне қатысты әлем мұсылмандарының ымырасыз ұстанымын танытатын «Қайтарып алу құқығы жөніндегі құжатқа» қолдарын қойды.

Ғалымдар аталмыш құжатқа «Шейіттің қаны - ғалымның хаты» деп аталатын кең ауқымды қоғамдық акция кезінде қол қойғанын айта кету керек. Шара өткен бейсенбіде Газа секторында ХАМАС қозғалысының қолдауымен өтті. Бұл туралы muslim.kz. сайты жазады.

ІUMS Online хабарлағандай, Израильдің езгісі мен тепкісінен көз ашпаған палестиналықтарға қолдау көрсетуге арналған аталмыш құжатқа қол қою рәсіміне Халықаралық мұсылман ғалымдары одағының (IUMS)  жетекшісі Жүсіп әл-Қардауи де қатысып, осынау шараның бәсі мен маңыздылығын арттыра түскен. Ол өз сөзінде палестиналықтардың Жаратқаннан басқа жатқа тізесін бүкпеген өр халық екенін айта келе, Израильдің Палестина жеріне көз алартатындай қандай да бір құқығы жоқтығын алға тартыпты. «Оларға қарағанда бұл жерді иеленуге біздің құқығымыз бар. Бұл жерді бізге Омар ибн әл-Хаттаб христиандардан алып берген болатын», - деген шейх ағылшындарға арқа сүйеген сионистердің Палестина аумағын күшпен тартып алғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол сөзінде осы күрес жолында палестиналықтардың көп құрбандыққа барғанын, сол себепті, оларға бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың қажеттілігіне тоқталды. «Біз Газа секторы мен Батыс жағалау тұрғындарының татуласуына күш салуымыз керек. Бір халықтың іштен бөлініп, бір-бірімен жауласуына жол бермеуіміз қажет. Олар жеңіске жетуі үшін бірігуі тиіс. Палестина бүкіл араб әлемінің күн тәртібінен түспей тұрған басты мәселе болып табылады. «Араб көктемі» де осы Палестина үшін болғанын айта кету керек. Әл-Ақса мешіті тек палестиналықтар мен арабтарға ғана емес, сонымен бірге, бүкіл мұсылман үмбетіне тиесілі», - деген еді ол өз сөзінде.


Тегтер:

Палестина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!