Сирия көтерілісшілерінің әрекеті құқық қорғаушылардың жағасын ұстатты

Фотография - Сирия көтерілісшілерінің әрекеті құқық қорғаушылардың жағасын ұстатты

Ғаламторға сириялық көтерілісшілердің жүктеген бейнетаспасы ел билігі мен құқық қорғаушылардың жағасын ұстатып отыр

305 0

Ғаламторға сириялық көтерілісшілердің жүктеген бейнетаспасы ел билігі мен құқық қорғаушылардың жағасын ұстатып отыр. Бұл жайында BBC мәлімдеді.

Бейнеде көтерілісшілердің командирі өліп жатқан сарбаздың кеудесінен жүрегін кесіп алып, аузына салып тістейді. Артынша ол Башар Асадтың әрбір жауынгерін осындай тағдыр күтіп тұр дегенді айтады.

Human Rights Watch деп аталатын халықаралық құқық қорғау ұйымы бұл сұмдыққа әскери қылмыс деген баға беріп, жауыздарды Халықаралық сот алдында жазаға тарту керек деп мәлімдеді.

Ал, сириялық оппозиция өкілдері болса аталған командирді жазалауға уәде беріп отыр. Би-би-си хабарлағандай, орын алған жайт елдегі оппозицияның беделін АҚШ пен Батыс елдері алдында бірден түсіріп жіберуі мүмкін.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!