Рамзан Қадыров: Шешенстан Youtube-қа тыйым салмайды

Фотография - Рамзан Қадыров: Шешенстан Youtube-қа тыйым салмайды

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров елде Youtube-ке тыйым салынуына қарсы екенін мәлімдеді.

315 0

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров елде Youtube-ке тыйым салынуына қарсы екенін мәлімдеді. Серноводск қаласында журналистермен кездескен Қадыров Youtube-тің "мұсылмандарды кемсіткісі келетіндер мен қоғамды жікке бөлгісі келетін радикалдарға жауап беру үшін" қолдануға болатынын айтты.

Өткен жылдың шілде айында Грозный соты АҚШ-та түсірілген "Мұсылмандардың пәктігі" фильмін шығарғаны үшін ел аумағында Youtube-ты бұғаулауға шешім қабылдаған еді.

Мұхаммед пайғамбарды жағымсыз түрде бейнелеген «Мұсылмандар пәктігі» фильмі 2012 жылы 11 қыркүйекте шыққан. Жекеменшік кинокомпанияда түсірілген фильм бүкіл мұсылман әлемінде наразылық акцияларын тудырып, әлемнің әр түрлі елінде он шақты адам қаза тапты. Бұдан соң Ресейде және басқа да бірнеше мемлекетте аталған фильмді көрсетуге тыйым салынды.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!