Еуропалықтар Еуроодаққа сенім артпайды

Фотография - Еуропалықтар Еуроодаққа сенім артпайды

Еуропа халқының басым бөлігі Еуроодаққа сенуден қалған. Бұл жайында Pew Research Center ұйымының жүргізген сауалнамасы барысында белгілі болып отыр.

199 0

 Еуропа халқының басым бөлігі Еуроодаққа сенуден қалған. Бұл жайында Pew Research Center ұйымының жүргізген сауалнамасы барысында белгілі болып отыр.

Наурыз айында өткен сұрақ-жауап кезінде Еуроодақтың сегіз елінен 7,5 мыңнан астам адам әңгімеге тартылған. Испания, Италия, Греция және Франция тұрғындарының біразы еуро валюта ретінде қабылданғалы бері мемлекеттердің экономикасы әлсіреп кеткен деген пікірде. Дегенмен, сұралған азаматтардың аз ғана бөлігі бұрынғы валютаға қайта оралғысы келетіндігін айтқан.

Еуроодақтың абыройсыз болып келе жатқандығының тағы бір айғағы – партиялардың бұл одаққа жаппай қарсы шығуы.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!