Ресей АҚШ "агентінің" елден кетуін талап етті

Фотография - Ресей АҚШ "агентінің" елден кетуін талап етті

Мәлімдемеде бұған қоса "қырғи-қабақ соғысы кезінде қолданылған мұндай арандатушылық әрекеттер Мәскеу мен мен Вашингтон арасындаға өзара сенімді нығайтуға ешқандай үлес қоспайтыны" айтылған.

126 0

Ресей сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдеме жасап, америкалық барлау қызметінің "агенті" деп танылған дипломат Райан Кристофер Фоглдің "тезірек АҚШ-қа қайтып кетуін" талап етті. Мәлімдемеде бұған қоса "қырғи-қабақ соғысы кезінде қолданылған мұндай арандатушылық әрекеттер Мәскеу мен мен Вашингтон арасындаға өзара сенімді нығайтуға ешқандай үлес қоспайтыны" айтылған.

Бұған дейін Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Кристофер Фоглдің ресейлік арнайы қызмет өкілін "өзіне қызмет істеуге көндірмек болғаны үшін" тұтқындалғанын хабарлаған еді. Арнайы қызмет оның америка елшілігінде саяси департаменттің үшінші хатшысы деген "жалған қызмет атқарғанын" айтады.

АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының орынбасары Патрик Вентрелл Мәскеудегі америка елшілігі дипломатының біраз уақыт қамауда болғанын, бірақ кейін босатылғанын растады. Бірақ оның не үшін ұсталғаны және нақты қандай қызмет атқарғаны жайында ештеңе айтпады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!