Құрылысшылар Майя пирамидасын қиратып тастады

Фотография - Құрылысшылар Майя пирамидасын қиратып тастады

 Белизде құрылыс кезінде майя пирамидаларының ішіндегі ең үлкені ішінара бұзылған

142 0

 Белизде құрылыс кезінде майя пирамидаларының ішіндегі ең үлкені ішінара бұзылған. Белиздегі археология институтының басшысы Хайме Авенің сөзіне қарағанда, пирамида өткен аптада бұзылса, бұқаралық ақпарат құралдарына енді ғана мәлім болып отыр.

Құрылыс компаниясы пирамиданы жол салу үшін экскаваторларды және бульдозерлерді қолданған кезде бұзған. Хайме Авенің атап көрсетуінше, құрылысшылар көне ескерткішті табиғи ландшафтпен еш шатастырып алуы мүмкін емес еді. Қазіргі кезде Белиз полициясы тексеру жұмыстарына кірісіп кеткен. Полицияның қылмыстық іс қозғауы да ғажап емес көрінеді. Өйткені, ішінара қираған пирамида жасы 2,3 мың жылды құрайтын көне ескерткіш болып табылады.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!