Иванишвили: Жыныстық азшылық өкілдерінің құқы бар

Фотография - Иванишвили: Жыныстық азшылық өкілдерінің құқы бар

Бидзина Иванишвили Грузиядан өзге Франция азаматтығына да ие.

119 0

Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили "жыныстық азшылық топтар" өкілдерінің құқықтары өзгелердікімен бірдей деп мәлімдеді.

Азаттықтың Грузин редакциясының хабарлауынша, Тбилисиде журналистер алдында сөйлеген Иванишвили Грузияда жыныстық азшылық топтарының құқықтарын елемейтін топтардың да бар екенін айтты. "Бірақ қоғам олардың өздерімен тең екеніне біртіндеп үйрене бастайды" деді ол.

Премьер бұған қоса гей, трансгендер және гомосексуалдардың алдағы жұмада өтетін демонстрациясына қатысатындардың ықтимал шабуылдан қорғалатынын атап өтті. Жұма күні жыныстық азшылық топтары шеру өткізуге жоспарлаған жерде гейлерге қарсы топтар да өздерінің наразылық акциясын өткізбек.

Иванишвили бірақ біржыныстылардың некеге тұруына қатысты өз пікірін білдірмеді. Ол бұл мәселе Франция қоғамында саяси және әлеуметтік шиеленістер туғызғанын алға тартып, оны дәл қазіргі уақытта талқылаудың "қажеті жоғын" айтты.

Өткен жылдың мамырында Грузияның гомосексуализмге қарсы православиелік бағыттағы 200-ге тарта белсендісі Тбилисиде халықаралық гомофобия мен трансфобияға қарсы күрес күнін атап өтіп жатқан гей белсенділеріне шабуыл жасап, екі жақ арасында қақтығыс болған еді.

Бидзина Иванишвили Грузиядан өзге Франция азаматтығына да ие.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!