Жириновскийдің Қырғызстанға кіруіне тыйым салынды

Фотография - Жириновскийдің Қырғызстанға кіруіне тыйым салынды

Қырғызстан парламенті ресейлік саясаткер, мемлекеттік дума депутаты Владимир Жириновскийді "персона нон-грата" деп жариялады

179 0

Қырғызстан парламенті ресейлік саясаткер, мемлекеттік дума депутаты Владимир Жириновскийді "персона нон-грата" деп жариялап, ел аумағына кіруіне және онда жүріп тұруына тыйым салды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, депутат Жұлдыз Жолдошова көтерген бұл ұсынысты 100 депутаттың 67-сі қолдап дауыс берген. Парламент депутаттарының мұндай шешім қабылдауына Жириновскийдің Қырғызстанды "кемсітіп, орынсыз қаралаған пікірі" себеп болған.

Либералды-демократиялық партия жетекшісі Владимир Жириновский өткен айда Қырғызстан Ыстықкөлді Ресейге 500 миллион АҚШ доллары қарызын кешіру үшін беруі керек деген еді.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!