Обама Салық қызметі басшысын отставкаға жіберді

Фотография - Обама Салық қызметі басшысын отставкаға жіберді

АҚШ президенті Барак Обама Салық агенттігінің басшысы Стивен Миллердің отставкаға кеткенін мәлімдеді.

131 0

АҚШ президенті Барак Обама Салық агенттігінің басшысы Стивен Миллердің отставкаға кеткенін мәлімдеді. Таяуда агенттік инспекторларының консервативтік ұйымдардың салық құжаттарын орынсыз тексергені белгілі болған еді.

Сәрсенбі кешке Вашингтонда сөйлеген Обама Миллердің қызметтен алынуын "орынсыз тексерістердің бұдан былай қайталанбауы үшін жасалып отырған шаралардың бір парасы" деп атады.

Таяуда салық органдарының кейбір қызметкерлері оңшыл консервативтік қозғалыстармен байланысы бар ұйымдардың салықтық жеңілдіктер жасалатын құжаттарын әдейі тексеріп, орынсыз талаптар қойғаны анықталған еді. Жанжал осы аптада елдің бас қазына инспекторының салық қызметінің тексеру әдістері туралы жасаған арнайы есебінен кейін туындаған.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!