Эштон: Жалилимен кездесу сәтті болды

Фотография - Эштон: Жалилимен кездесу сәтті болды

Кездесуден соң "Біз бұдан ары да байланыста боламыз" деген ол жаңа келіссөздердің жоспары туралы ештеңе айтпады

245 0

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Иран жоғары ұлттың қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Жалилимен сәрсенбіде Стамбулда жүргізген келіссөздері "сәтті болғанын" мәлімдеді. Кездесуден соң "Біз бұдан ары да байланыста боламыз" деген ол жаңа келіссөздердің жоспары туралы ештеңе айтпады.

Иранмен келіссөздерге қатысатын "алтылық тобы" - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия Тегеранды ядролық бағдарламасынан бас тартқызғысы келеді. Осы мақсатта Иранға экономикалық, қаржылық және басқа да бірқатар санкциялар  салынған. Бірақ ресми Тегеран әлемдік державалардың Иранның уран байытуға хақы барын мойындағанын және санкциялардың алынуын қалайды.

Сәрсенбіде Эштон мен Жалилидің кездесуінен бұрын Венада Иран мен Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) өкілдері жолыққан еді. Қос тарап Иранның ядролық ядролық бағдарламасына қатысты тексерулер жүргізу мәселесінде келісімге келе алмаған.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!