70 жастағы «жын соққан кемпір» би алаңын дүр сілкінтті

Фотография - 70 жастағы «жын соққан кемпір» би алаңын дүр сілкінтті

70-ке келіп, думанды кештің ортасында жүретін ди-джей болыпты дегенді естуіңіз бар ма? Ұлыбританияның Бристоль қалашығында тұратын Рут Флауверс әжей (әжей дегенімізге ренжи қоймас) 69 жасында думанды кәсіпке бет бұрды деп жазады bigpicture.ru. 

247 0

Рут бүгінде DJ Mamy Rock деген «жұлдызды» псевдониммен жастар арасында кеңінен танымал. Өз елінің түнгі клубтарын түгендеп шыққасын Франция мен Нью-Йоркке аттанған Руттың диджейлікке келгені де қызық. «Түнгі клубқа өмірімде бірінші рет немеремнің туылған күнін тойлаған кезде бардым. Сол жерде диджеингке көңілім ауды. Күйеуім қайтыс болған, өзім зейнеттемін. Үйде босқа қарап отырам ба?! Осылайша, бұл кәсіпті қолға алдым. Өзіме қатты ұнайды. Дүниеге екінші рет келгендеймін» дейді өз ісін ерекше «сүйетін» DJ.

Кей замандастары өмірден аларымызды алып болдық деп қоғамнан тысқары қалса, DJ Mamy Rock-тың нағыз өмірі енді басталған сыңайлы. Орэльен Симон атты продюсермен келісімшартқа отырған Флауверс әлі талай сауық кешінің «гүлі» боламын деп отыр.

Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!