Бішкекте "Хизб-ут-Тахрирдың" күдікті өкілі ұсталды

Фотография - Бішкекте "Хизб-ут-Тахрирдың" күдікті өкілі ұсталды

Бішкекте тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымы бөлімшесінің күдікті жетекшісі ұсталды.

194 0

Бішкекте тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымы бөлімшесінің күдікті жетекшісі ұсталды.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Жалал-Абад облысынан шыққан 37 жастағы ер адамға бірнеше айып тағылған. Олар - "ұлттық, нәсілдік және діни алауыздық тудырды, заңсыз қару сақтады, экстремистік материалдар таратты және экстремистік символдарды әдейі пайдаланды" деген айыптар.

Күдіктінің аты-жөні аталған жоқ.

"Хизб-ут-Тахрир" - сүнниттік саяси ұйым, орталығы Лондонда орналасқан. Ұйым барлық мұсылман елдерін ислам халифатына біріктіруді мақсат тұтады. Қырғызстан, Қазақстан және пост-советтік елдердің бірқатары "Хизб-ут-Тахрир" қызметіне тыйым салған.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!