14-жастағы палестиналық қыз әлемдегі ең жас студент атанды

Фотография - 14-жастағы палестиналық қыз әлемдегі ең жас студент атанды

Әлемдегі ең жас студент атанғаны үшін 14-жастағы палестиналық қыздың есімі Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл жайында «Умма информ» хабар таратты

238 0

 Әлемдегі ең жас студент атанғаны үшін 14-жастағы палестиналық қыздың есімі Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл жайында «Умма информ» хабар таратты. 

Икбал Махмуд әл-Асад Ливанда туып-өскен. Бала кезінен айрықша қабілетімен көзге түскен. Бір жасқа толғанда балабақшаны тәмамдады. Ал төрт жасында бастауыш мектепті бітірді. Жалпы орта мектеп қабырғасында төрт жыл оқып, оны да мерзімінен бұрын аяқтады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын оған әлемдегі ең үздік медициналық университеттердің бірі саналатын Катардағы Weill Cornell Medical College жоғарғы оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін ұсыныс айтылды. Ол көп ойланып-толғанып жатпастан келісімін берген көрінеді.

Оның білімімен және тәрбиесімен Катар әміршісінің әйелі өзі айналысып келеді. Оның айтуынша, қыздың болашағы жарқын. Ал дарынды қыздың өзі дәрігер мамандығын алған соң Палестинаға оралып, халқына қызмет етуді армандайды. 


Тегтер:

Палестина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!