Мыстандардың 150 метрден биік ұшуына тыйым салынды

Фотография - Мыстандардың 150 метрден биік ұшуына тыйым салынды

Свазиленд корольдігінде мыстандарға 150 метрден биік ұшуға тиым салынды

163 0

Свазиленд корольдігінде мыстандарға 150 метрден биік ұшуға тиым салынды. Ол туралы The Star ақпарат таратады.

Ел заңына мұндай өзгерісті Азаматтық авиация басқармасы енгізіп отыр. Ұшу тәртібін бұзған мыстандар 500 мың оңтүстік африкандық ранд (55 мың доллар) төлейтін болады.

Аталған ведомство мыстандардан басқа, ойыншық ұшақтар мен батпырауықтарды да жоғары ұшыруға тиым салды. Бұл шара жақында қамауға алынған жеке детективтің ойыншық ұшақты бақылау камерасы ретінде пайдаланғаннан кейін қолға алынып отыр.

Осыдан бір ай бұрын Свазиленд корольдігінде үміткерлердің парламент сайлауы кезінде сыйқыршылықты пайдалануға тиым салынған болатын. Өзге әлемнің сиқыр күшін пайдалған саясаткерлер бір жыл түрмеге қамалып, 10 мың оңтүстік африкандық ранд (1 мың доллар) төлейтін болады.

Свазиленд —оңтүстік африкандық свази тайпасының мекені — XX ғасырдың бірінші жартысында Британияның отары болды , 1968 жылы тәуелсіздік алды.

Свазилендтің тұрғындары сыйқырға, мыстандарға сенеді.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!