ЕО: Жыныстық азшылық топтары қысым көреді

Фотография - ЕО: Жыныстық азшылық топтары қысым көреді

Еуропа Одағының (ЕО) адам құқықтары агенттігі құрлық елдерінде жыныстық азшылық топтарына деген төзімсіздік пен зорлық-зомбылық кең таралып отыр деп мәлімдеді.

294 0

Еуропа Одағының (ЕО) адам құқықтары агенттігі құрлық елдерінде жыныстық азшылық топтарына деген төзімсіздік пен зорлық-зомбылық кең таралып отыр деп мәлімдеді.

Венада орналасқан Адамның фундаменталды құқықтары агентігі ЕО елдері мен Хорватияда 93 мыңнан астам гей, трансгендер және гомосексуалдан алынған сауалнама нәтижесін жария етті. Сауалнамаға қатысқандардың 47 пайызы жыныстық өзгешелігіне байланысты кемсітушілік немесе қысым көргенін айтқан.

Зерттеу қорытындысы бойынша, Еуропада жыныстық азшылық өкілдері кемсітушілікке ең аз ұшырайтын мемлекет - Нидерланды (30 пайыз) болып танылған. Ал Хорватия, Румыния және Литвада жауап бергендердің 60 пайызы білім беру, жұмысқа тұру және денсаулық сақтау саласында кемсітушілік көретіндерін айтқан.

Агенттік ЕО елдерін жыныстық азшылық өкілдерінің құқықтарын ескере отырып тұрғын үй және басқа қызмет көрсету саласындағы заңнамаларды қайта қарап, жетілдіруге шақырды.

17 мамыр - халықаралық гомофофияға қарсы күрес күні.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!