19 адамды жаралаған екінші күдікті тұтқындалды

Фотография - 19 адамды жаралаған екінші күдікті тұтқындалды

 Жаңа Орлеанда оқ атып, 19 адамды жаралаған екінші күдікті - Шон Скотт тұтқындалды. Ол осы іске қатысты деп танылған 19 жастағы Акейн Скоттың ағасы болып шықты.

108 0

 Жаңа Орлеанда оқ атып, 19 адамды жаралаған екінші күдікті - Шон Скотт тұтқындалды. Ол осы іске қатысты деп танылған 19 жастағы Акейн Скоттың ағасы болып шықты.

Екеуі де адам өміріне қастық жасады деп айыпталып жатыр. Оның кіші інісі қаланың шығыс аудандарының бірінде тұтқындалып, кеше сот алдында жауапқа тартылды. Сот шешімі бойынша, ол 10 млн АҚШ доллары мөлшерінде кепіл ақша беріп бостандыққа шыға алады. Бұдан басқа жергілікті полиция екі ағайындыға көмек көрсетті деген айыппен 4 адамды тұтқындады. Бұл қайғылы оқиға 12 мамырда «Аналар күнін» тойлау мерекесі кезінде болды. АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы бұл оқиғаны лаңкестік әрекет емес, көшедегі бұзақылық деп отыр.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!