Ирак: жұмадағы жарылыстардан 75 адам өлген

Фотография - Ирак: жұмадағы жарылыстардан 75 адам өлген

Бұған дейін БҰҰ Иракта сәуір айында 700-ден астам адамның мерт болғанын айтып, бұл Ирак үшін соңғы бес жылдағы ең қазалы ай болды деп мәлімдеген еді.

140 0

Ирак билігінің хабарлауынша, жұма күні елдің әр аймағында жасалған жарылыстар салдарынан мерт болғандар саны 75 адамға жеткен. Бұл жарылыстар негізінен сүнниттер тұратын аудандарда болды. Осыдан бірнеше күн бұрын шииттер тұратын аудандарда осындай жарылыстар болған еді.

Мамырдың 17-і күні Бағдаттан 50 шақырым жердегі Бакуба қаласындағы мешітте екі бомба жарылысынан жұма намазына келген 40-тан астам адам қаза болып, 60-қа жуығы жараланған. Сол сияқты Бағдат, Мадаин, Әл-Фаллуджа қалаларында жарылыстар ондаған адамның өмірін қиды.

Бұған дейін БҰҰ Иракта сәуір айында 700-ден астам адамның мерт болғанын айтып, бұл Ирак үшін соңғы бес жылдағы ең қазалы ай болды деп мәлімдеген еді.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!