АҚШ-та пойыз апатынан 60-тай адам жараланды

Фотография - АҚШ-та пойыз апатынан 60-тай адам жараланды

Поезд апаты салдарынан Бостон мен Нью-Йорк арасындағы темір жол қатынасы уақытша кідірген.

133 0


АҚШ-тың Коннектикут штатында қала маңына жолаушы тасымалдайтын екі пойыз соқтығысып қалған. Соңғы келіп түскен мәліметтерде төтенше оқиғадан 60-қа жуық адамның жарақат алғаны айтылады.

"Жарақат алғандардың бесеуінің халі ауыр, бірақ қаза болғандар жоқ" деп мәлімдеген Коннектикут штатының губернаторы баспасөз мәслихатында.

Төтенше оқиға жұма күні жергілікті уақытпен кешкі сағат алтының шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша, шығысқа кетіп бара жатқан пойыздың бірнеше вагоны рельстен шығып кетіп, қарсы бағыттағы пойызға барып соғылған. Қазір полиция апаттың мән-жайын тексеріп жатыр.

Поезд апаты салдарынан Бостон мен Нью-Йорк арасындағы темір жол қатынасы уақытша кідірген.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!