Киевтегі шерулерге мыңдаған адам қатысты

Фотография - Киевтегі шерулерге мыңдаған адам қатысты

Мамырдың 18-і күні Киевте оппозицияның «Көтеріл, Украина!» шеруіне жалпы украиналық «Батьківщина» бірлестігін, ұлтшыл «Свобода» партиясы мен «УДАР» партиясын қолдайтындар қатысты.

125 0

Мамырдың 18-і күні Киевте оппозицияның «Көтеріл, Украина!» шеруіне жалпы украиналық «Батьківщина» бірлестігін, ұлтшыл «Свобода» партиясы мен «УДАР» партиясын қолдайтындар қатысты. Ал биліктің «Аймақтар партиясын» жақтайтындар «Еуропаға – фашизмсіз!» ұранымен қарсы шеру ұйымдастырды. Саяси қарсыластардың шерулері екі бөлек жерде өтті.

Шеруде оппозиция өкілдері Украинада 2015 жылы өтетін президент сайлауына ортақ кандидат шығарып, саяси күш біріктіру туралы ұсыныс айтқан.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ұлтшылдар мен «аймақтар партиясын» қолдайтындар арасында болған қақтығыс салдарынан «5-телеарна» тілшісі мен «Коммерсант-Украина» газетінің фотожурналисі зардап шеккен.

Украина оппозициясы биыл наурызда бастаған «Көтеріл, Украина!» қарсылық акциясы ел президенті Виктор Януковичтің биліктен кетуі, Киев қаласының кеңесі мен басшысын сайлау, сот үкімімен түрмеде отырған экс-премьер Юлия Тимошенкоға бостандық беру сияқты талаптар қойған.

Сонымен бірге сенбі күні Симферопольде осыдан 69 жыл бұрын депортацияға ұшыраған қырым татарларының сталиндік билік құрбандарын еске алу жиыны өтті.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!