АҚШ пен Израилге шпиондық жасаған екі ирандық дарға асылды

Фотография - АҚШ пен Израилге шпиондық жасаған екі ирандық дарға асылды

Тегеранда ирандық екі азамат шет мемлекеттің пайдасын шпиондық жасады деген айыппен дарға асылды. Оның бірі Израил тыңшыларына құпия мәліметті ұсынса, екіншісі АҚШ-қа жұмыс істеген деп айыпталған. 

177 0

Тегеранда ирандық екі азамат шет мемлекеттің пайдасын шпиондық жасады деген айыппен дарға асылды. Оның бірі Израил тыңшыларына құпия мәліметті ұсынса, екіншісі АҚШ-қа жұмыс істеген деп айыпталған. 

Мохаммад Хейдари мен Коруш Ахмади бүгін дарға асылды. Иран билігінің айтуынша, Хейдари қауіпсіздік мәселесіне қатысты «Моссаду» құпиялы ақпараттарын бірнеше рет сыртқа шығарған. Бұл қызметі үшін ол қыржылай сыйақы алған. Ал Ахмади болса, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасына әр түрлі тақырыптарда құпия мәліметтерді таратқан.

Ресми Тегеран өздерінің ядролық бағдарламасына қатысты астыртын жұмыс істейтін американдық және израильдік арнайы қызмет өкілдері мен ауқымды шпиондық топтарын айыптауда. Өйткені, өткен жылы ғана Израиль билігі үшін жұмыс істеген ирандық азамат Маджид Джамал Фашидің қылмысы ашылған еді. Оның аса беделді де білікті ирандық ядрошы-физик Масуда Али Мохаммадидің өліміне қатысы бар деп айыпталып, дарға асылған болатын. Сондай-ақ, қазіргі кезде Иранда АҚШ-тың «ЦРУ»-ына жұмыс істеуі әшкереленіп (оны Вашингтон жоққа шығарса да), өлім жазасына кесілген Амир Мирза Хекмати үкімнің орындалуын күтіп отыр.

 


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!