Британия имамдары бір жыныстылардың некесіне наразылық танытуда

Фотография - Британия имамдары бір жыныстылардың некесіне наразылық танытуда

Бұл жайында Sunday Telegraph мамырдың 19-ы күні хабар таратты.

220 0

Британиядағы мұсылмандар жамағаты бір жыныстылардың некесіне қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияға елдегі имамдар да қосылып, қолдау білдірді. Шеруге шыққандар бір жыныстылардың некесін заңдастыруға қатысты Үкіметтің жоспарын сынға алды. Осыған байланысты мұсылмандар жамағаты ел билігіне ашық хат жолдады. Оған 505 имам қолдарын қойған. Бұл жайында Sunday Telegraph мамырдың 19-ы күні хабар таратты.

«Имам әрі мұсылмандар жамағатының жетекшілері ретінде біз Құдай алдындағы өз борышымызды өтеп, мұсылмандардың атынан мұндай бастамаға наразылығымызды білдіреміз», – деп айтылған ашық хатта.

Жақында үкімет мүшелері бір жыныстылардың некесін заңдастыруға қатысты заң жобасы салық төлеушілердің қалтасына 4 млрд еуро мөлшерінде салмақ түсіретінін ескерткен болатын.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!