"Тыңшы" деп айыпталған АҚШ дипломаты Мәскеуден кетті

Фотография - "Тыңшы" деп айыпталған АҚШ дипломаты Мәскеуден кетті

Ресейлік НТВ телеарнасы "тыңшылық жасады" деп айыпталған АҚШ дипломаты Райан Кристофер Фоглдың жексенбіде Мәскеуден кеткенін хабарлады

165 0

Ресейлік НТВ телеарнасы "тыңшылық жасады" деп айыпталған АҚШ дипломаты Райан Кристофер Фоглдың жексенбіде Мәскеуден кеткенін хабарлады.

Телеарна таратқан кадрда Фоглдың Мәскеудегі Шереметьево әуежайында құжат тексеру бекетінен өтіп жатқаны көрсетілген.

Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі өткен сейсенбіде Кристофер Фоглдің ресейлік арнайы қызмет өкілін "өзіне қызмет істеуге көндірмек болғаны үшін" тұтқындалғанын хабарлаған еді. Арнайы қызмет оның Америка елшілігінде саяси департаменттің үшінші хатшысы деген "жалған қызмет атқарғанын" айтады.

Бұдан соң Ресей Фоглды "нон грата тұлға" деп жариялап, оның елден кетуін талап еткен.

АҚШ мемлекеттік департаменті Кристофер Фоглдың біраз уақыт қамауда болғанын, бірақ кейін босатылғанын растаған. Бірақ оның не үшін ұсталғаны және нақты қандай қызмет атқарғаны жайында ештеңе айтпады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!