Қытай мен Жапония жерге таласып жатыр

Фотография - Қытай мен Жапония жерге таласып жатыр

 Жақында Аспанасты елі Күншығыс елінен Окинава аралын қайтаруды талап етті

426 0

Қытай Халық Республикасы мен Жапония арасындағы саяси ахуал жер дауына қатысты тағы бұзылайын деп тұрған сияқты. Жақында Аспанасты елі Күншығыс елінен Окинава аралын қайтаруды талап етті. Ал жапондар болса Ресейден Курил аралдарын қайтарып ала алмай жүр.

Токио мен Бейжің арасындағы бітпей­тін жер дауы баяғыдан бар. Шығыс Қы­-тай теңізіндегі адам тұрмайтын Сенкаку арал­дарына қатысты былтыр күзде екі ел арасында жағдай шиеленісіп барып тоқ­таған еді. Енді Аспанасты елі Окинава аралы жайлы жапондарға сөз сала бас­тады. Қытайлық қосжұлдызды генерал Лю Юаньның мәлімдеуінше, ең ірі аралы Окинава болып табылатын Рюкю ар­хи­пе­лагы жапондықтардың қарамағына өт­кенге дейін, 1372 жылдан бастап бес жүз жылдай Қытайға салық төлеп келген. Рюкю архипелагы 1895 жылы Бейжің мен Токио соғысты тоқтату жөніндегі Симо­носек бейбіт келісіміне қол қойғаннан кейін ресми түрде жапон префектура­сына айналған. Екінші дүниежүзілік со­ғыстан кейін бұл аралдар америка­лықтар­дың қолына өтті. Вашингтон Окинаваны ресми түрде 1972 жылы жапондықтарға қайтарып берді. Енді архипелагқа бір за­мандарда қожалық еткендігін алға тартқан қытайлықтар қызыға көз тігіп отыр.

Қытай ұлтшылдары Рюкю мен Окина­ваны қайтару туралы мәселені бұрын­-

нан көтеріп жүрген, бірақ шенеуніктер тарапынан ешқандай сөз болған емес. Токио жүз жылдан астам уақыт билігін жүр­гізіп келген Окинаваны қайтару ту­ралы мәселені мамыр айының басында қытайлық тарихшылар Чзан Хайпэн мен Ли Гоцян көтерген болатын. Олардың жерге қатысты мәселесі елдегі беделді ба­сылымдардың бірі, Қытай компартия­сы­ның органы көтерген «Жэньминь жи­-

бао» газетіне басылып шықты. Көрші­лермен арадағы жер дауы Аспанасты елі басшысының ауысуынан кейін бәсеңсиді деген пікірлер айтылған болатын, бірақ әзірге тоқтаған жоқ сияқты.

«Рюкюдің Қытайдыкі екендігі туралы қазір талқыламай-ақ қоялық. Бірақ бұл аралдардың вассалдық мемлекет бол­ғаны анық. Вассалдық мемлекеттердің барлығы Қытайдыкі болып саналады деп айтып отырған жоқпын, бірақ Рюкю Жапонияныкі емес дегенді сеніммен айта аламын», дейді генерал Лю Юань «China News Service» басылымына берген сұх­батында.

Сарапшылардың пікірінше, бұл та­лап­тар – Бейжіңнің Сенкаку аралдарына қол жеткізу үшін жасап отырған қадам­дарының бірі. Жапония бұл аралдарға Рюкю архипелагы арқылы билігін жүр­гізеді. Сондай-ақ Аспанасты елінің Күн­шығыс елінен Рюкюді қайтаруды талап ету жөніндегі дау-дамайдың халықаралық деңгейге шығып кетуі мүмкін екендігін айтады. Өйткені Окинавада 27 мың қыз­меткерден тұратын АҚШ-тың әскери ба­засы орналасқан.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!