Ресейдің арнайы қызметі Мәскеуде терактінің алдын алған

Фотография - Ресейдің арнайы қызметі Мәскеуде терактінің алдын алған

Комитеттің ақпараты бойынша, күдіктілердің үшеуі де - орыстар

138 0

Ресейдің терроризммен күрес комитеті Мәскеуде "жасалмақ болған терактінің" алдын алғаны туралы хабарлады. Ресми орган таратқан мәлімдемеге қарағанда, арнайы қызмет өкілдері мен теракті жасауды жоспарлады деген күдікті топтың арасында Мәскеу түбінде атыс болған. Екі күдікті оққа ұшып, тағы бірі қолға түскен. Қауіпсіздік күштерінің бір қызметкері жараланған.

Комитеттің ақпараты бойынша, күдіктілердің үшеуі де - орыстар. Олар Пәкістан-Ауғанстан шекарасында арнайы дайындықтан өтті деген болжам бар.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Владимир Путин бұл жайдан хабардар екенін айтады.

Мәскеуде теракті соңғы рет 2011 жылдың қаңтарында халықаралық "Домодедово" әуежайында болған еді. Жанкешті әуежайда өз-өзін жарып жіберіп, 37 адам қаза тапқан.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!