Иранда президенттікке үміткерлер жария болмақ

Фотография - Иранда президенттікке үміткерлер жария болмақ

Иранның конституциялық қадағалау кеңесі президент сайлауына түсетін үміткерлер тізімін сейсенбіде ішкі істер министрлігіне тапсырмақ

255 0

Иранның конституциялық қадағалау кеңесі президент сайлауына түсетін үміткерлер тізімін сейсенбіде ішкі істер министрлігіне тапсырмақ. Ал министрлік ол тізімді екі күннің ішінде көпшілікке жариялайды.

Иранда президент сайлауына кім қатысатынын конституциялық қадағалау кеңесі шешеді. Қадағалау кеңесі мақұлдаған үміткерлер тізім жарияланған соң 14 маусымдағы президент сайлауына дайындықты бастайды.

Дүйсенбіде қадағалау кеңесінің өкілі "денсаулығы нашар үміткерлерге сайлауға қатысуға тыйым салынуы мүмкін" деген еді. Кейбір сарапшылар "денсаулық жағдайы" бұрынғы президент, 78 жастағы Али Акбар Хашеми Рафсанджаниді сайлаудан ығыстырудың бір амалы болуы мүмкін деп санайды.

Ал Рафсанджанидің қарсыластары - консервативтік саяси топ өкілдері оны "ел басқаратын жастан өтіп кетті" дейді.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!