Оклахомадағы торнадоның салдарынан құрбан болғандар 90-нан асты

Фотография - Оклахомадағы торнадоның салдарынан құрбан болғандар 90-нан асты

Америкалық Оклахома штатындағы қатты торнадоның салдарынан кем дегенде 91 адам қаза болды. Бұл туралы Оклахома-Сити сот-медициналық сараптама басқармасының өкілі

160 0

Америкалық Оклахома штатындағы қатты торнадоның салдарынан кем дегенде 91 адам қаза болды. Бұл туралы Оклахома-Сити сот-медициналық сараптама басқармасының өкілі

Бұдан бұрын өмірі қиылған 55 адам жайында жарияланған еді. АҚШ президенті Барак Обама Оклахомада стихиялық апат тәртібін енгізу жайында жариялады, бұл өз кезегінде зардап шеккендерге федералдық бюджеттен көмек жасауға кепілдік береді.

Оклахоманың вице-губернаторы Тодд Лэмбтың хабарлауынша, құрбан болғандардың арасында 20 бала бар. Олардың кейбірі бастауыш мектеп ғимараты құлау кезінде қаза болды.

Іздестіру шаралары арнайы үйретілген иттердің көмегімен жүріп жатыр.

Торнадо кезінде желдің күші 320 шақырым/сағатқа жеткен көрінеді.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!