Қырғызстан АҚШ-пен "Манас" әуежайы келісімін бұзбақ

Фотография - Қырғызстан АҚШ-пен "Манас" әуежайы келісімін бұзбақ

Бұл туралы ресми мәлімдеме сейсенбіде Қырғызстан үкіметінің ресми сайтында жарияланды

275 0

Қырғызстан АҚШ-пен арадағы Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайын НАТО әскеріне жүк пен керек-жарақ тасымалдайтын орталық есебінде пайдалану туралы келісімін орындаудан 2014 жылғы 1 шілдеден бастап бас тартпақ.

Бұл туралы ресми мәлімдеме сейсенбіде Қырғызстан үкіметінің ресми сайтында жарияланды. Онда келісімді бұзу туралы құжаттың жобасы таяу уақытта парламенттің мақұлдауына жіберілетіні айтылған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі бұған қатысты түсінік бермеді. Өкіл тек транзиттік орталық "осы кезге дейін жасалған келісім-шарт бойынша жұмыс істей беретінін" ғана айтты.

"Манас" әуежайы Ауғанстандағы НАТО күштеріне жүк тасымалдауда транзиттік орталық қызметін атқарып келеді. Орталықта АҚШ әскери әуе күштерінің жүк тасымалдайтын бірнеше ұшағы бар. Онда бұған қоса 1 мыңға тарта америкалық әскери қызметкер орналасқан.  

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бұған дейін 2014 жылы Ауғанстаннан НАТО әскері шығарылғаннан соң "Манаста" әскери нысан болмайтыны туралы бірнеше рет айтқан.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!