Германияның бастауыш мектептерінде ислам діні оқытылатын болды

Фотография - Германияның бастауыш мектептерінде ислам діні оқытылатын болды

Гессендегі 27 бастауыш мектепте алдағы уақытта асыл дініміз оқытылатын болды

282 0

Гессендегі 27 бастауыш мектепте алдағы уақытта асыл дініміз оқытылатын болды. Гессен осылайша бастауыш мектептерде ислам діні оқытылатын Германиядағы алғашқы федералды жер атанды.

Бірінші сыныптан бастап, ислам діні оқытыла бастайтын мектептердің көбісі Рейн-Майн аймағында орналасқан. Гессен білім беру министрі Никола Беердің айтуынша, мұнда иммигрант мұсылмандардың қарасы көп.

Қазіргі уақытта ислам дінінен сабақ беру үшін 19 оқытушы арнайы дайындықтан өткен. Бұл жайында «Седмица» хабар таратты. Сабақ неміс тілінде жүреді. Беердің айтуынша, бұл бастаманы мемлекеттің өзі көтерген.

Қазіргі уақытта ата-анасы ислам дінін оқытуды құптаған 440 оқушы тіркелген.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!