Ахмединежадтың жақтастары сайлаудан шеттетілді

Фотография - Ахмединежадтың жақтастары сайлаудан шеттетілді

Иранның бұрынғы президенті Али Акбар Хашеми Рафсанджани мен қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы Эсфандьяр Рахим-Машаи 14 маусымда өтетін президент сайлауынан шеттетілді

146 0

Иранның бұрынғы президенті Али Акбар Хашеми Рафсанджани мен қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы Эсфандьяр Рахим-Машаи 14 маусымда өтетін президент сайлауынан шеттетілді.

Сайлауға кімдердің қатысатынын шешетін Конституциялық қадағалау кеңесі Хашеми Рафсанджани мен Рахим Машаидің президенттік сайлаудан не үшін шеттеткеніне қатысты ешқандай түсінік бермеді.

Қадағалау кеңесі өздерін президенттікке ұсынған 688 адамның арасынан тек сегіз үміткердің кандидатурасын ғана мақұлдаған. Олардың арасында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді жүргізетін делегация басшысы, жоғары ұлттық қауіпсіздік қызметінің хатшысы Саид Жалили мен бұрынғы сыртқы істер министрі Али Акбар Велаяти да бар. Сайлауға түсетіндер арасында консерваторлар басым.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!