Француз жазушысы біржынысты некеге қарсылық ретінде өзін атып өлтірді

Фотография - Француз жазушысы біржынысты некеге қарсылық ретінде өзін атып өлтірді

 78 жастағы публицист өзін Париж Құдайанасы Соборының дәл алдында бір жарым мың адамның көзінше атып салған

475 0

Париж полициясы белгілі жазушы Доминик Веннердің суицидтік өлімін тексеріп жатыр. 78 жастағы публицист өзін Париж Құдайанасы Соборының дәл алдында бір жарым мың адамның көзінше атып салған.

Тергеушілер марқұмның жанына бірнеше хат тапты және қазір оларды тексеру үстінде. Алайда, аталған хаттарда не жазылғандығын құқық қорғаушылар құпия ұстап отыр.

Белгілісі, Веннер өлгенге дейін біржынысты некеге және заңсыз иммиграцияға қарсы болып келді. Оның жақтастары жазушының өлімі Франция үкіметінің ұстанып отырған саясатына байланысты екендігін айтуда.

Куәгерлердің айтуынша, кешкі бес жарымдар шамасында Доминик Веннер Нотр-Дам де Париге кіру үшін көпшілікпен кезекке тұрған. Кейін ол мехрабқа (алтарь) келіп, қалтасындағы хаттарын сонда қояды. Артынан екінші қалтасынан тапаншасын алып, үн-түнсіз өзін ата салған.

Елдегі ұлтшылдар көшбасшысы Марин Ле Пен де бұл өлімнің астарында саяси көзқарас жатқанын ашық айтып отыр.

«Франция үкіметі Франкфурт пен Брюсселсіз-ақ елдегі әлеуметтік проблемаларды шеше алатындығын халыққа дәлелдегісі келіп отыр. Осыған орай билік біржыныстылардың некесін заңдастырды, оларға бала асырап алуға рұқсат берді, шетелдіктерге сайлау құқықн ұсынып отыр. Мұның барлығы қоғамды шірітіп барады» дейді ұлтшыл әйел.

78 жастағы Веннердің бүкіл ғұмыры күреспен өтті. Елуінші жылдары ол Алжир тәуелсіздігі үшін күрессе, кейін Шарль де Гольге қарсы шыққан құпия қарулы ұйымның мүшесі ретінде түрмеде отырды, тарихпен айналысты. Гомомсексуализмге түбегейлі қарсы болған ол мұның соңы жақсылыққа алып бармайтындығын үнемі айтатын.


Тегтер:

Франция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!