Саакашвили жақтастарының тұтқындалуын айыптады

Фотография - Саакашвили жақтастарының тұтқындалуын айыптады

Сот енді Чиаберашвили мен Мерабишвилиді кепіл төлеп босату мәселесін шешпек.

109 0

Грузия президенті Михаил Саакашвили бұрынғы премьер-министр Ибане Мерабишвилидің тұтқындалуын Украина экс-премьері Юлия Тимошенконың қуғындалуымен салыстырды. Иване Мерабишвили сейсенбіде "сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар" деген күдікпен тұтқындалған еді. Құқық қорғау орындары бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазір Кахетия аймағын басқаратын Зураб Чиаберашвилиді де жауап алған соң бірден тұтқындаған.

Саакашвили бұрынғы үкімет мүшелерінің тұтқындалуын "саяси астары бар әрекет" деп атады. Саакашвилидің "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясы өкілдері де бұған дейін саясаткерлердің тұтқындалуын айыптаған еді.

Өткен жылы қазанда өткен парламент сайлауында миллиардер Бидзина Иванишвилидің оппозициялық партиясы жеңіске жеткен соң елде бұрынғы ондаған үкімет шенеуніктері тұтқындалған еді.

Сот енді Чиаберашвили мен Мерабишвилиді кепіл төлеп босату мәселесін шешпек.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!