Жалғыз қалған аққу тікұшақты серік етіп жүр

Фотография - Жалғыз қалған аққу тікұшақты серік етіп жүр

Аққулардың өзге құстарға немесе үрмелі су ойыншықтарына «ғашық болатындығы» жайында бұрын еститінбіз

209 0

Аққулардың өзге құстарға немесе үрмелі су ойыншықтарына «ғашық болатындығы» жайында бұрын еститінбіз. Алайда, ерке құстың тікұшақты серік етуі бұрын болмаған жағдай.

Францияның гольф-клубындай пайда болған аққу шағын тікұшақтан еш ажырар емес. бәлкім ол махаббатын осылай білдіріп жүрсе керек. Құс мамандарының айтуынша, бұл аққу серігінен айрылып қалған. Енді жалғыздықтан құтылу үшін тікұшақты айналшақтап жүр дейді олар.

Өз өміріне қауіп төнетініне қарамастан ғашық аққу әуелеген темір техникаға жақын барып, қаңқасына денесін тигізетін көрінеді. Гольф-клуб иелері құстың қанатын да қырқып көрген екен. Алайда, аз уақыт өткен соң қауырсындары қайта өсіп, ерке құс басын қауіпке тігуін тоқтатпаған. Енді жақын күндері бұл маңайға ұрғашы аққу алып келіп, оның жалғыздығын жоямыз дейді клуб қожайындары.


Тегтер:

Франция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!