Д.Медведьев өзін «Димон» деп атайтындарға ренжімейді

Фотография - Д.Медведьев өзін «Димон» деп атайтындарға ренжімейді

Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев ғаламторда өзін «Димон» деп атайтын блогерлерге ренжімейтіндігін, тіпті бұл атауға қарсы да еместігін айтты

140 0

Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев ғаламторда өзін «Димон» деп атайтын блогерлерге ренжімейтіндігін, тіпті бұл атауға қарсы да еместігін айтты.

«Маған ұнамайтын нәрселер болады. Ол түсінікті жайт. Ал, мені интернеттегі блогерлердің «Димон» деп атауы қалыпты жағдай, оған еш ренжімеймін. Өйткені ғаламтордағы орта бір бөлек. «Димонның» несі жаман? Мені кішкентай кезімде солай еркелететін» деді Медведев «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, премьер-минитср өзінің баспасөз хатшысының ашулы пікірін де түсіндіріп өтті. Наталья Тимакова наурыз айында дәл осы мәселеге байланысты блогерлермен интернет желісінде шекісіп қалған болатын.

«Ол сіздерге «Димон» емес, ол – үкіметтің төрағасы» деп жазған еді Тимакова өз блогына. Ал, Дмитрий Медведьев қызметкерінің бұл әрекетін «басшысын баспасөз хатшысы ретінде қорғады» деп бағалады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!