Дэвид Кэмерон: Лондондағы шабуыл теракті болуы мүмкін

Фотография - Дэвид Кэмерон: Лондондағы шабуыл теракті болуы мүмкін

 Бұл туралы ол Парижде жүрген кезінде өткізген баспасөз жиынында айтты

205 0

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның сөзіне қарағанда, сәрсенбіде Лондонда әскерилерге жасалған шабуылдың теракті екенін дәлелдейтін сенімді айғақтар бар. Бұл туралы ол Парижде жүрген кезінде өткізген баспасөз жиынында айтты.

Полиция сәрсенбі - 22 мамырда Лондонның оңтүстік-шығысындағы Вулвич ауданында орналасқан әскери оқу-жаттығу орталығында пышақпен қаруланған екі адамның әскери қызметкерді өлтіріп кеткенін хабарлаған еді. Деректерге қарағанда, полицейлер әскериді өлтірді деген қарулы екі адамды жаралаған.

Оқиғаға куә болғандар шабуыл жасаушылардың әскериді "пышақтап өлтіргенін" айтады. ITV телеарнасы көрсеткен видеороликте күдікті қылмыскерлердің бірі "Сендермен күресті тоқтатпауға Алла алдында ант етеміз" деген.

Дэвид Кэмерон үкіметтің оқиғаға қатысты іс-қимылын үйлестіру үшін Парижде жүрген жерінен Лондонға қайтып кетті.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!