Бостон жарылысын тергеуде бір адам қаза тапты

Фотография - Бостон жарылысын тергеуде бір адам қаза тапты

Қаза тапқан адамның аты-жөні - Ибрагим Тодашев

200 0

АҚШ Федералдық тергеу бюрсының ( немесе FBI) дерегі бойынша, Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты істі тергеу кезінде күдікті Тамерлан Царнаевпен байланысы бар деген адам қаза тапты.

Қаза тапқан адамның аты-жөні - Ибрагим Тодашев. Оқиға сәрсенбіде Флорида штатының Орландо қаласында FBI мен полиция жүргізген тергеу кезінде болған. FBI баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тодашевті тергеу кезінде "дөңайбат көрсеткендіктен" агент атып тастаған. Агент жараланған, бірақ өміріне қауіп тұрған жоқ.

АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда, Тодашев - этникалық шешен. Оның Бостондағы жарылысқа күдіктелердің бірі Тамерлан Царнаевпен байланысы болған.

Сәуірдің 15-і күні Бостон қаласында марафон кезінде бомба жарылысынан 3 адам мерт болып, 260-тан астам адам жараланды. Полиция жарылысқа күдіктілер ретінде ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтарды атады. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты. Ал Джохар Царнаев сәуірдің 19-ы күні Бостон қаласының шетінде ұсталды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!