Твиттер ресейлік шенеуніктің «қылмысын» ашты

Фотография - Твиттер ресейлік шенеуніктің «қылмысын» ашты

Таяуда боксер Николай Валуев өзінің твиттердегі парақшасына өлтірілген аюдың жанында мылтықпен түскен суретін орналастырған болатын

157 0

Таяуда боксер Николай Валуев өзінің твиттердегі парақшасына өлтірілген аюдың жанында мылтықпен түскен суретін орналастырған болатын. Енді РФ Архангельск облысының прокуратурасы Мемдума депутатын «сұғанақ аңшылығы» үшін айып астына алуы мүмкін.

Таяуда жергілікті БАҚ заңсыз аңшылығы үшін РФ Мемлекеттік Дума депутаты Николай Валуевті қатаң сынның астына алған болатын. Оған саясаткердің өзінің твиттердегі жеке парақшасына «күдікті» суретті іліп қоюы себеп болған. Суреттің астына: «Қысқа оқиғаны әйтеуір басымнан кештім. Аяқ асты маған тап болды» деп бір-екі ауыз сөзбен қысқа ғана қайырыпты.

Аталған сурет Интернет-пайдаланушылардың наразылығын тудырып, олар бокстан әлем чемпионын «аңға қастандық көрсетті» деп айыптай жөнелді. Осындай айыптау мақалалардың біразы БАҚ-қа да жарияланған. Енді РФ Архангельск облысының прокурорлары «Николай Валуев аңшылық кезінде аюға тап болды» деген мақалаларды тексеріп, депутатқа қатысты РФ ҚК 258-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғауға себептің бар-жоғын анықтайтын болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!