Жаһандық қаржы жүйесіндегі бірқатар реформалар аяқсыз қалды - Македония Премьер-министрі

Фотография - Жаһандық қаржы жүйесіндегі бірқатар реформалар аяқсыз қалды - Македония Премьер-министрі

Дағдарыстан кейін жаһандық экономиканы қалпына келтіру жағынан Азия көш бастап тұр. Бүгін VI Астана экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде сөз сөйлеген Македония Республикасының Премьер-министрі Никола Груевски осылай айтты.

189 0

Дағдарыстан кейін жаһандық экономиканы қалпына келтіру жағынан Азия көш бастап тұр.

Бүгін VI Астана экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде сөз сөйлеген Македония Республикасының Премьер-министрі Никола Груевски осылай айтты.

Оның айтуынша, соңғы бес жылдың ішінде Азия елдері әлемдік экономика өсімінің үштен екі бөлігін қамтамасыз етіп келеді.

«Оның ішінде Қазақстан да бар. Жаһандық экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, бұл мемлекеттің экономикасы қарқынды дамуда. Дейтұрғанмен, әлем экономикасы қалпына келіп жатса да, белгілі бір қауіп-қатерлер бар. Әсіресе, жаһандық қаржы жүйесінің тұрақсыздығына қатысты мәселелер өз шешімін таппай жатыр. Банк баланстарын «жөндеу» жұмыстары әлі де аяқталған жоқ. Осының салдарынан бірқатар мемлекеттер қиын жағдайға тап болып отыр. Сондай-ақ жаһандық қаржы жүйесіндегі біраз реформалар аяқсыз қалды. Осының барлығы да қаржының дұрыс реттелмеуіне себеп болуда», - деп атап көрсетті Н.Груевски.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!