Пәкістан соты Мушаррафты кепілге босатпады

Фотография - Пәкістан соты Мушаррафты кепілге босатпады

Пәкістан соты бұрынғы президент Первез Мушаррафты 2007 жылы судьялардың тұтқындалуына қатысты іс бойынша босатудан бас тартты. Прокурор Амир Надим Исламабад соты айыптаушы тарап пен қорғаушы жақтың дәйектерін тыңдай отырып, Мушаррафтың өзін кепіл төлеп босату туралы өтінішін қанағаттандырмағанын мәлімдеді.

250 0

Осыдан екі күн бұрын сот Мушаррафты бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттоның өліміне қатысты істен кепілге босатқан.

Первез Мушарраф "билікте болған кезінде Беназирдің қауіпсіздігін тиісті түрде қамтамасыз етпеді" деп айыпталған. Беназир Бхуттоны 2007 жылы Равалпинди қаласында парламент сайлауы қарсаңында өлтіріп кеткен еді.

Мушарраф 19 сәуірден бері Исламабад маңындағы резиденциясында үйқамақта отыр. Оған судьялардың тұтқындалуы, Бхуттоның және 2006 жылы белуджи көтерілісшілері басшысының өліміне қатысты істерде айып тағылған.

Тегтер:

п

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!