АҚШ-та жаппай мектептер жабылып жатыр

Фотография - АҚШ-та жаппай мектептер жабылып жатыр

АҚШ-тың Чикаго қаласында қазынадағы қаржының жетіспеушілігінен келесі оқу жылына дейін 50 мектеп жабылмақ

160 0

АҚШ-тың Чикаго қаласында қазынадағы қаржының жетіспеушілігінен келесі оқу жылына дейін 50 мектеп жабылмақ. Бұл мәселені апта басында қаланың білім кеңесі мақұлдады.

БАҚ өкілдерінің айтуынша, мектептердің дәл осылайша жаппай жабылуы АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған. Жергілікті билік өкілдері оқу ордаларының жұмысын тоқтату арқылы қала бюджетіндегі «жыртықты» жамаймыз деп отыр. Чикаго қазынасындағы қаржы жетіспеушілігі бүгінде 1 миллиардқа жуық долларды құрайды. Ал, жабылғалы жатқан мектептерге ақша құю тиімсіз деп есептеледі, өйткені мұндағы оқушылардың саны жыл сайын кемуде.

Айта кетейік, соңғы бірнеше уақыттан бері Чикагода аталған мәселеге байланысты халық наразылық білдіріп, көшеге шығуда. Олардың қатарында ата-аналар мен мұғалімдер көп. Айтуларынша, мектептердің жаппай жабылуы жастар арасындағы қылмыстың күр өсуіне алып алып келеді. Бұл жайында ИТАР-ТАСС хабарлайды.

Жабылғалы отырған оқу ордалары негізінен латынамерикалықтар мен афроамерикалықтар шоғырланған аудандарда орналасқан. Билік өкілдері болса бұл мектептердің оқушылары өзге мектептерге көшіріледі деп уәде беріп отыр. Ал, ата-аналар қашықта орналасқан білім орталықтарына балаларын жіберуге қорқады. Өйткені, Чикаго АҚШ-тағы криминалды қалалардың бірі.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!