Жапониялық 80 жастағы қарт Эвересті бағындырды

Фотография - Жапониялық 80 жастағы қарт Эвересті бағындырды

Жапониялық 80 жастағы Юкихиро Миура Эверест шыңына шығып, әлемдегі ең биік шыңды бағындырған ең қарт альпинист атанды. Миура шыңның ең ұшар басы - 8848 метр биіктігіне дейін шықты. Оны жапониялық үш альпинист мен непалдық алты альпинист бастап жүрді. Миурамен бірге шыңды бағындырғандар арасында оның ұлы да бар.

374 0

Миура бұған дейін жүрегіне төрт рет операция жасатқан еді. Миура шыңға шыққан соң ұялы телефоннан жанұсына хабарласып, өзін жақсы сезініп тұрғанын айтты.

Юкихиро Миура 1970 жылы Эверестен шаңғымен түсіп, аты шыққан. Ол 70 және 75 жасында да екі рет Эверест шыңын бағындырған.  

Бірақ Миураның бұл рекордын таяуда өзге адам бұзуы ықтимал. Непалдық 81 жастағы альпинист Мин Бахадур Шерхан таяуда Эверест шыңына шығуды жоспарлап отыр. Ол Миураға дейін Эвересті бағындырып, әлемдегі ең қарт алипинист атанған еді.

Тегтер:

жапония

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!