Барак Обама: Пилотсыз ұшақ шабуылына шектеу қойылады

Фотография - Барак Обама: Пилотсыз ұшақ шабуылына шектеу қойылады

Барак Обама өз сөзінде терроризмге қатысы бар деген күдіктілерге қарсы пилотсыз ұшақтан операция жасауға жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеді. 

236 0

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтондағы Ұлттық қорғаныс университетінде  ұлттық қауіпсіздікке қатысты сөз сөйлеп, елдің терроризммен күрес жүргізудегі негізгі бағыт-бағдарын айқындады. Ол АҚШ терроризммен күресте "жолайрықта тұрғанын" айтты.

Барак Обама өз сөзінде терроризмге қатысы бар деген күдіктілерге қарсы пилотсыз ұшақтан операция жасауға жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеді. 

АҚШ президенті пилотсыз ұшақтардың қойылған мақсатты нақты орындайтын, нысанаға дөп тиетін шабуылын қолдайтынын, бірақ "абайсызда" мерт болып кететін бейбіт тұрғындардың жағдайы өзін алаңдататынын айтты. 

Ақ Үйде сөз сөйлейтінінің алдында Обама жаңа "президенттік ұстанымдарға" қол қойды. Құжатта АҚШ пилотсыз ұшақтан соққы жасамақ болғанда нені басшылыққа алатыны туралы көпшілік пен конгресс алдында түсіндіруі тиіс жайттар көрсетілген.

Обама өз сөзінде Гуантанамодағы түрмені жабу ниеті барын тағы да білдірді. Ол бұдан өзге Гуантанамодағы тұтқындарды Йеменге көшіруге салынған тыйымды алып тастауға шешім қабылдағанын да айтты.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!